Жеңіл атлеттер жүлделі қайтты

46

0

Жеңіл атлеттер жүлделі қайттыШымкент қаласында жастар арасында өткен жеңіл атлетикадан ел біріншілігінде біздің облыстан барған спортшылар жүлделі орындардан көрініп қайтты. 
Жерлесіміз Анжела Саидгазиева ұзындыққа секіруден 5 м 38 см нәтижесімен үшінші орынды иеленді. Ал 1999-2000 жылдары өмірге келген жасөспірімдер арасында сынға түскен  Бекболат Мүслімов 1500 м кедергі арқылы жүіруден және 1000  м қашықтыққа жүгіруден алда келді. Светлана Саунина 1000 м қашықтыққа жүгіруден екінші орын алса, 1500 м кедергі арқылы жүгіруден чемпион атанды. 300 м және 600 м қашықтыққа жүгіруден Азамат Құлдас күміс жүлдені еншіледі. Ал Руслан Байшин 60 м жүгіруден үшінші орынды алды. № 4 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығатын спортшыларды жарысқа Владимир Лептиков, Наталья Лептикова, Руслан Омаров және Дмитрий Панов дайындады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз