Жеңіл атлеттерде 10 жүлде

139

0

Жеңіл атлеттерде 10 жүлдеАлматы қаласында жеңіл атлетикадан 1998-1999, 2000-2001 ж.т. жастар және жасөспірімдер арасында өткен  Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысының №4 олимпиадалық  резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары жақсы өнер көрсетті.
Нәтижесінде, жастар арасында Руслан Мұратбай ядро итеруден жеңімпаз атанса, Ғаламат Әуесбай найза лақтырудан қола жүлдені иеленді.  3000 м қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруден Рақымжан Келманов  бірінші болып келсе, 1500 м қашықтыққа жүгіруден үшінші орынға ие болды.  Светлана Саунина 3000 м қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруден екінші, Азамат Құлдас 800 м қашықтыққа жүгіруден үшінші орындарды еншіледі. 
2000-2001 ж.т. ұлдар мен қыздар арасында  Қадыр Жалғас 400 м қашықтыққа жүгіруден ел чемпионы атанды. Галина Панасенко 2000 м қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруден алтын, 3000 м қашықтыққа жүгіруден күміс жүлдеге ие болды. Мөлдір Әзімханова 2000 м қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруден 2-орынды иеленді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз