Желден қуат алатын «киіз үй»

81

0

Желден қуат алатын «киіз үй»Отандық өнертапқыш жел, су және күннен де қуат алатын «киіз үй» ойлап тапты, деп хабарлады www.24.kz.

Қондырғы электр стансаларымен салыстырғанда қуатты 3 есе көп әрі 2 есе арзан бағада өндіруге мүмкіндік береді. Автор жобасын ЕХРО-2017 көрмесіне ұсынуды жоспарлап отыр. Жел, күн, судан қуат алатын қондырғыны жасау үшін Әбдімүтәлі Дұрманов 18 жылдан астам уақыт зерттеу жүргізген. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде осындай киіз үй пішініндегі құрал жасалды. Оның артықшылығы желдің бағытына қарамастан кезкелген жағдайда энергия өндіреді. Қондырғының көлемі неғұрлым үлкен болған сайын алынатын қуаттың мөлшері де арта түспек.

– Желдің жылдамдығын, қысымын, ауаның, желдің күшін ұлғайтып береді. Ұлғайтып берілген күштің арқасында электр қуаты да көбейеді. Кезкелген жерге орнатуға болады, дейді өнертапқыш Әбдімүтәлі Дұрманов.

Қондырғыға Шымкенттегі зауыттардың бірі қызығушылық білдіріп, өндірістік нұсқасын жасаған. Енді құралды қосалқы бөлшектермен жабдықтау қалды. Бұл ретте өнертапқышқа 1 млн теңге қажет.

Өнертапқыштың айтуынша, қызығушы зауыт 1 данасын жасады. Енді тек электр генераторы мен аккумулятормен жабдықтап,сынақтан өткізу ғана қалды. Өндірістік прототипін жасау керек. Ол үшін қаражат қажет. Егер қолдайтын инвесторлар табылып жатса, жоба өзін-өзі 1 жылға жетпей ақтайды. Себебі құрал электр стансаларымен салыстырғанда қуатты 3 есе көп әрі 2 есе арзан бағада өндіруге мүмкіндік береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз