«Әжелер – алтын қазынам»

119

0

Жұма күні С.Майқанова атындағы мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен әжелеріміздің абзал қасиеттерін бүгінгі ұрпаққа таныту, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатырған даналықты жастарға сіңіру мақсатында «Әжелер – алтын қазынам»атты қалалық әжелер байқауы болып өтті.
Байқауға Қараөзек, Талсуат, Абай, Қызылжарма ауылдарынан және Белкөл мен Тасбөгет кенті, С.Майқанова атындағы мәдениет Үйінен әжелер қатысты. Әжелер 4 кезең бойынша өнер көрсетті. Атап айтқанда, Таныстыру, Өнер сайысы, Білімі мен парасат сыны, Шебердің қолы алтын.
Абзал әжелеріміз әр кезең бойынша өздерінің ізденімпаздығын айрықша көрсетті, әсіресе, 4 кезеңде әжелер небәрі 7 минут ішінде сәнді де ою-өрнекті кимешек жасаудан шеберліктерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша, І дәрәжелі орын – С.Майқанова атындағы мәдениет Үйі жанынан құрылған «Бастаңғы» әжелер ансамблінің мүшесі, батыр ана, «күміс алқа» иегері Сейілханова Сәрсенкүл, ІІ дәрежелі орынды – Қызылжарма ауылынан келген Тәшенова Раушан, ал ІІІ дәрежелі орынды Талсуат ауылынан Маутенова Рсалды әжелеріміз иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Өзге де қатысушы талапкерлер алғыс хаттармен марапатталды.