Жемқорлыққа қарсы күрес жүргізілуде

53

0

Жемқорлыққа қарсы күрес жүргізілудеҚызылорда. Облыстық прокуратура органдары үстіміздегі жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында нәтижелі жұмыстар атқарды. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарына сүйенсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жүргізілген 76 тексерудің нәтижесі бойынша енгізілген прокурорлық ықпал ету актілерінің негізінде 39 лауазымды тұлға тәртіптік, 3 тұлға әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды.
Олардың ішінде сыбайлас жемқорлық сипатында құқық бұзушылыққа жол бергендері үшін аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімінің аппарат жетекшісі, білім беру ұйымдарының басшылары, қала, аудан әкімдіктеріне қарасты бөлім басшылары және облыстық департаменттің бөлім басшылары және өзге де лауазым иелері тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды. Негізінен сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу конкурстарын жүзеге асыру барысында орын алады.
Мысалы, мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу барысында заңды тұлғаға артықшылық көрсетіп, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін аудандық құрылыс бөлімінің басшысы қызметінен босатылған.
Мемлекеттік бюджетке 13 млн. теңгеден астам қаржы өндірілді.
Сонымен қатар, прокуратура органдарымен жүргізілген тексерулердің нәтижелерімен мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлық сипатында 5 қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз