«Жемқорлықпен күрес – ортақ іс»

37

0

«Жемқорлықпен күрес – ортақ іс»«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. «Жемқорлықпен күрес – ортақ іс» атты жиында мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдары арасында тіркелген сыбайлас жемқорлық сипатындағы мәселелер қаралды.
Статистикаға сәйкес биыл 9 айда облыс көлемінде сыбайлас жемқорлық сипатында 129 қылмыс тіркеліп, 65 азамат жауаптылыққа тартылды. Бұл қылмыстар жалпы тіркелген қылмыстардың 1,7 пайызын құрайды.
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Мұса Қалдарбековтің айтуынша есепті кезеңде «Мемлекеттік кірістер  департаментінің 104 қызметкеріне тәртіптік жаза қолданылған. Соның ішінде бір қызметкерге Әдеп Кодексін бұзғаны үшін атқаратын лауазымына  толық сәйкес еместігі туралы, екі қызметкерге мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін  ескерту жазасы қолданылған. Департаменттің ішкі қауіпсіздік басқармасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық іс-қимыл бюросы Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел іздестіру шаралары  нәтижесінде Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқрамасының бас маманы Сапарбек Құшпановтың жеке кәсіпкерден әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 25 000 теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде ұсталғанын атап өтті. 
Отырысты қорытындылаған кеңес төрағасы Наурызбай Байқадамов: 
– Еліміздің көздеген мақсатына сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу арқылы ғана қол жеткіземіз. Жемқорлық жай құқықбұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді, – деді. 
«Нұр Отан» партиясы филиалының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз