Жер алуға өтініш берген азаматтардың тізімі қайтадан қаралуда

58

0

Жер алуға өтініш берген азаматтардың тізімі қайтадан қаралудаҚызылорда облысының төрт ауданы мен Қызылорда қаласында пайдаланылмай
отырған жерлері бар. Игерілмеген жерлер бірден алынып қоймайды. Алдымен
ескерту беріледі. Егер жер учаскесін қайтадан игеру қолға алынбаған
жағдайда мемлекетке қайтарылады. «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық
коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық жер қатынастары
басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев осылай деді.
    – Бүгінде Қызылорда облысында 44 мыңға жуық азаматтар жер кезегінде
тұр. Жезқазған бағытынан бөлінген 2000 га жердің 300 гектарына
инфрақұрылым жүргізіп, қаржысы шешілсе, осы кезекте тұрған азаматтарға
осы аумақтан жер учаскесін беруді жоспарлап отырмыз. Сырдарияның сол
жағалауына жаңа қала салынуына байланысты сол жағалауда орналасқан орман
және аңшылық шаруашылығына қызметтік үйлер ретінде берілген 27 жеке
тұрғын үйдің мәселелері қарастырылуда. Себебі ол үйлердің құжаттары жоқ
екені де анықталған. Бүгінде қандай да бір мүмкіншіліктерін қарастыру
жұмыстары жүргізілуде, – деді Ш.Қойшыбаев.
    Айта кететін жәйт, бүгінде жер учаскесін алуға өтініш берген
тізімдерге нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Себебі, тізімде екі рет
өтініш берген азаматтар, сондай-ақ қайтыс боп кеткен азаматтар бар.
    Шынар БЕКБАН

kyzylorda-news.kz

 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз