Жергілікті азаматтар 249 қару тапсырды

46

0

Жергілікті азаматтар 249 қару тапсырдыБүгінгі таңда облыс көлемінде жалпы құны 8 750 000 /сегіз миллион жеті жүз елу мың/ теңгені құрайтын заңсыз қаруларды тапсыру жайлы 194 арыз тіркеліп, азаматтармен 249 қару өткізілді. Олардың 22-і иір ойықты,  222-і тегіс ұңғылы қарулар, 5 дана жарақат салатын қарулар, 1 дана «РГД-5» қол гранатасы. Сондай-ақ, акция кезінде 270 дана оқ-дәрілер қабылданды.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, іс-шараны өткізуге облысымызға 19 000 000 /он тоғыз миллион/ теңге қаржы бөлінсе, бүгінгі күнге оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде өтеусіз тапсырған азаматтарға  5 000 000 /бес миллион/ теңге қаражат  берілді.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1299  қаулысымен бекітілген Азаматтардың заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде өтеусіз тапсыру ережесіне сәйкес 2014 жылғы 21 сәуірден ерекше өкімге дейін, Республика аумағында тұрғындарда заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды  сатып алу   кезекті акциясы  өткізілуде. Акцияның негізгі мақсаты азаматтарда заңсыз сақталған   қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау болып табылады. Қазіргі таңда Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы және аудандық ішкі істер бөлімдерінде азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ дәрінің техникалық жай-күйі мен оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу жөніндегі  арнайы комиссия  жұмыс жасауда.   
Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Тапсырылған қарудың, жарылғыш заттардың,  оқ-дәрінің түріне және техникалық жай-күйіне байланысты айлық есептік көрсеткіштің   10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.          
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз