ЖЕРГІЛІКТІ КОМАНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

49

0

ЖЕРГІЛІКТІ КОМАНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІФутболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХІІІ турында «Қайсар» командасы өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдады. Ойынның алғашқы тайымында кеншілер клубы басымдық танытты. Нәтижесінде, 24 минутта Станоевич әріптесі асырған допты қайсар қақпасында тулатып, Марсел Исламқұловтан айласын асырды. Осылайша есеп ашқан қонақтар бірінші таймда-ақ, өз командасын алға шығарды.
Аяқ доп шеберлері арасындағы тартысты бәсеке келесі таймда басқаша өрбіді. Қарсыласына есе жіберген жергілікті «Қайсар» құрамасында ойыншылар ауысты. Бұл тұрғыда Стойчо Младеновтің бапкерлік шеберлігін айта кеткен жөн. Келесі таймның басында Жамбыл Көкеев алаңдағы өз орнын Елжас Алтынбековке қалдырған еді. Сенімді ақтаған Сыр спортшысы 53 минутта есепті теңестірді. Бірақ, 80 минутқа дейін ойын еш өзгеріссіз қалды. Қос команда тарапынан қанша шабуыл ұйымдастырылғанымен, ойыншылар қақпа кілтін таба алмады. Арада 1 минут уақыт өткенде команда капитаны Мақсат Байжановты ауыстырған Коробкин алаңға шығысымен қонақтар қақпасына тағы бір гол соғып, есепті еселеді. Өз алаңында 3 ұпай еншілеген жергілікті «Қайсар» турнирлік кестеде еш өзгеріссіз өз орнын сақтап қалды.
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ. 
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз