Жергілікті кәсіпкерлерді қолдау

52

0

Жергілікті кәсіпкерлерді қолдауЭкономикамыздың негізгі қозғаушы күші саналатын кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау бағытында мемлекет тарапынан маңызды бағдарламалар жүзеге асырылуда, деп хабарлады қала әкімі Н.Нәлібаев есеп беру кездесуінде.
Осындай қолдаулардың арқасында, 2016 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 26 мың 615 бірлікті құрады. Есепті мерзімде қаладағы шағын кәсіпкерлік саласында жаңадан – 2 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы өңірімізде тиімді жүзеге асырылуда.
Есепті мерзімде өңірлік карта аясында жалпы құны 425 млн. теңгеге екі инвестициялық жоба іске қосылып, 57 адам жұмыспен қамтылды. Осы бағдарлама аясында өңірлік картаға енгізілген жалпы құны 50 млрд. 167 млн. теңгені құрайтын 9 жоба жүзеге асырылуда. Жобалар толық іске қосылғанда 1 мың 110 адам жұмыс орны ашылады. Осындай мемлекеттік бағдарламалар аясында 3 мың 844 азамат жұмыспен қамтылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз