ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІ

74

0

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІЖуырда Алматы қаласында ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының жалпы жиналысы өтіп, Академияның академиктері мен корреспондент-мүшелері сайланды. 
ҚР ҰҒА академигі болып, жерлестеріміз – химия ғылымдарының докторы, профессор Әбдуали Баешов, «Болашақ» университетінің ғылыми жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бақберген Досманбетов, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Рысқұл Ойнаров, биология ғылымдарының докторы Аманкелді Бисенбаевтар сайланса, ҰҒА корреспондент-мүшелері болып – Қорқыт ата атындағы ҚМУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов, филология ғылымдарының докторы, профессор Амантай Шәріп сайланды. 
Жерлестерімізді жоғары атақтарымен – ҰҒА академигі және корреспондент-мүшесі болып сайлануымен құттықтай отырып, отандық ғылым саласын дамыту жолындағы еңбектеріне табыс тілейміз. 
 
ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІ
ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІ
ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз