ЖЕҢІС АРДАГЕРІНЕ БАСПАНА ТАБЫСТАЛДЫ

41

0

ЖЕҢІС АРДАГЕРІНЕ БАСПАНА ТАБЫСТАЛДЫХалықаралық
қарттар мерекесі күні Ұлы Отан соғысының ардагері, 91 жастағы майдангер
Қуанышбай Бисенбаевқа жаңа пәтердің кілті табысталды.

Аудан
басшысы Сұлтан Мақашов: Әр халықтың бойында сонау заманнан бері
қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері
болады. Біздің аудан халқының да осындай
ерекшеліктерінің бірі — үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Біз «Қариясы бар
үйдің – қазынасы бар» деген халық даналығымен сусындап, қашанда ардагерін
ардақтап, қариясын құрметтеген халықпыз.Ұлт болып ынтымақтасуды, отанды сүюді, бірлік пен бауырмалдық сынды
құнды қасиеттерді біз Сіздерден үйрендік. Сол үшін де Сіздердің алдарыңызда
басымызды иіп, тағзым етеміз, – деп қармақшылық ардагерлерге сый-құрмет
көрсетіліп, дастархан жайды.

«Наурыз шапағаты» фестивалінің
лауреаты, ауданның ұлағатты аналары «Әжелер» ансамблі және бірқатар ардагерлер
аудан әкімнің алғыс хатымен марапатталды.

ЖЕҢІС АРДАГЕРІНЕ БАСПАНА ТАБЫСТАЛДЫОдан әрі аудан өнерпаздары
мерекелік ән-шашуыларын ұсынды.

Ауданда 6 мыңнан астам қария
болса, оның 64-і бастауыш ұйымдарының мүшесі.

P.S: Бисенбаев Қуанышбай 1925
жылы бұрынғы «Қызыл әскер» ұжшарында кедей шаруа жанұясында туған. «Бозарқаш»
мектебінде 3 сынып бітірген.

1943 жылы әскерге шақырылып,
Забайкал әскери округінде болған. 1945 жылғы тамыз айына дейін әскери өнерге
жаттығып, Маньчжурия жерінде соғысқа қатысқан. Жаралы болмаған. Соғыстағы
ерліктері үшін «Жапония милитаристерін жеңгені үшін» медалімен, ал 1985 жылы Жеңістің
40 жылдығына орай «Отан соғысы»орденінің екінші дәрежесімен наградталған.

1950 жылы әскерден елге келген
соң теміржол саласында қарауыл, кейін астық қабылдау мекемесінде ұзақ жыл
автокөлік жүргізушісі болып, жасы келгесін зейнет демалысына шыққан.

Отбасында 8 бала тәрбиелеп,
өсіріп, олардан 12 немере сүйіп отырған бақытты жан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз