«Жеңіс жұлдызы» ескерткіш стелласы ашылды

201

0

«Жеңіс жұлдызы» ескерткіш стелласы ашылдыҚазалы ауданының Басықара ауылында Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай «Жеңіс жұлдызы» ескерткіш стелласы ашылды. Бұл туралы Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты шарада аудан әкімі Бахыт Жаханов жиналғандарды Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, халқымыздың даңқты ұлдары мен қыздарының қан майдан мен тылдағы өшпес ерлiгi, ерен еңбегi ешқашан да ұмытылмайтынын, уақыт алға жылжыған сайын бұл ерлiктiң шоқтығы биiктеп, қадiр-қасиетi, бағасы артып, тағлым-тәрбиесi мейлiнше тереңдеп, даралана түсетіндігін жеткізді.

Оның бір дәлелі бұл ауылда Ұлы Отан соғысының ардагері Мырзатаев Пірназар бүгінгі тағзым алаңының ашылу сәтіне куә болуда.

Аудан басшысы Ұлы Отан соғысының ардагерімен бірге және облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы «Жеңіс жұлдызы» ескерткіш стелласына гүл шоқтарының қойып, тағзым етіп, бір сәт үнсіздік жариялады.

Одан әрі өлі әруақтар рухына құран бағышталды.

Жалпы биыл Қазалы ауданында Ұлы Отан соғысының қатысушыларына арналған елді мекендерден «Жеңіс жұлдызы» стелласын жасау, қайта жаңғыртуға 100 млн.теңгеге жуық қаражат бөлінді.

Оның ішінде 11 ауылдық округте жаңадан «Жеңіс жұлдызы» ескерткіш стелласы, алаңдар, Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз