Жетім және ата-анасынан айрылған 17 жасқа пәтер берілді

77

0

Қызылорда. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жетім және ата-анасынан айрылған 17 жасқа пәтер кілтін табыс етті. Сондай-ақ, облыс әкімі оларға тоңазытқыш тарту етті. 
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Біз де сіздер секілді толқып отырмыз. Тағдырдың жазғаны болар, сіздер ата-анасыз өстіңіздер. Бірақ Тәуелсіз еліміз бар. Әкелік қамқорлық танытатын Елбасы бар. Сондықтан әрбір армандарыңызға қол жеткізуге мүмкіндіктеріңіз бар. Бүгінгі кездесу осы сөзіміздің дәлелі» деді. Аймақ басшысы биыл мұнай компанияларының демеушілігімен отбасы үлгісіндегі балалар ауылының құрылысын бастайтынын жеткізді. Аталмыш игі шара «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша жүзеге асып отыр. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыста 18 жасқа толмаған мыңнан астам жетім бар. Олардың барлығы баспана кезегіне қойылған.
Баспаналы болған Аданькин Илларион «Осыған дейін қаладан шалғай жерде орналасқан саяжайда тұрып келдім. Отбасылымын. Бір ай бұрын маған «баспаналы болдың» деп қоңырау шалды. Сенген жоқпын. Арманның орындалатынына көз жеткіздім» деп жүрекжарды лебізін білдірді. 
      . 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз