Жетінші сынып оқушысының ЭКСПО-ға бару арманы орындалды

75

0

Жетінші сынып оқушысының ЭКСПО-ға бару арманы орындалдыТереңөзек
кентіндегі №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы
Олжас Батырбекұлы  халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне аудан басшысының
қамқорлығы арқасында баратын болды, деп хабарлады Сырдария ауданы әкімдігі.
Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев игілікке ұмтылған озат оқушыға қаржылай көмек көрсетті. Бұл ел ағасының жастарға деген қамқорлығы, қолдауы, көмегі десек жарасады. Қаржылай қолдау озат оқушы Олжастың қолына табысталды. Әкімнің зор қолдауына ие болған Олжастың білімділігі өзге оқушыларға үлгі екені анық. Тәртіпті де тәрбиелі оқушыға аудан басшысының атынан өзінің және әкесінің елордаға барып келуіне толықтай жететін қаражат тапсырылды. Өз кезегінде жас өрен аудан әкімі Ғанибек Қонысбекұлына риясыз алғысын білдірді.   – «Армандар орындалады» деген ұғымға бүгіннен бастап сенемін. Міне, менің арманым орындалды. Астанаға барып, көрмені көру мен үшін зор қуаныш. Алдағы уақытта сабақты жақсы оқимын. Ұстаздарымның сенімін ақтаймын. Аудан әкімі Ғанибек ағаға зор алғыс айтамын,- деген О.Батырбекұлы енді бас қалаға баратын күнін асыға күтетінін де жасырмады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз