«Жезқазған-Қызылорда» жолының құрылысы 2017 жылға шегерілд

33

0

«Жезқазған-Қызылорда» жолының құрылысы 2017 жылға шегерілд«Жезқазған-Қызылорда» жолын қайта салу 2017 жылға шегерілді. Бұл туралы кеше  Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында
Инвестициялар және даму министрлігі Автокөлік жолдары комитеті
төрағасының орынбасары Амангелді Беков мәлім етті.

«Қызылорда-Қарағанды»
жолын қайта салу бойынша биыл Жезқазған мен Қызылорда арасындағы
учаскесіндегі жобаны іске асыруды бастауға қаржы қарастырылған болатын.
Алайда 2016 жылы жол бюджеті шектеулі болғандықтан, жаңа жобаларға қаржы
бағыттау орынсыз болды», – деді ол.

Осы орайда ол бөлінген қаржыны басталған
«Астана-Теміртау», «Астана-Павлодар» және «Алматы-Қапшағай» жобаларын
аяқтауға қайта бағыттау туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

«Қазіргі кезде аталған жолдың
(Жезқазған-Қызылорда) реконструкциясына займ тарту мәселесі
қарастырылуда. Жобаны жүзеге асыру 2017 жылы болады деп күтілуде. Бұл
жолдың ұзындығы 925 шақырым, ал жобадағы құрылыс жұмыстарының құны
шамамен 270 млрд. теңге болмақ»,-деді А. Беков.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз