Жезқазған – Қызылорда жолының жобасы қаралуда

59

0

Жезқазған – Қызылорда жолының жобасы қаралудаАстана. Жезқазған – Қызылорда жолының жобасы қаралуда. Бүгін Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысына арналған баспасөз мәслихатында осылайша мәлім етті.
Ұзақ жылдан бері Жезқазған – Қызылорда бағытындағы автокөлік жолын жөндеу күн тәртібінде қойылып келеді. Бұл мақсатта бюджеттен қаржы қарастыру көзделіп отыр. Қаржы бөлінісімен жұмысты бастау жоспарлануда. Бұл жолдың ұзындығы 400 шақырымға жуықтайды. Бүгінгі күні бұл жол әрлі-берлі көліктің қатынауына едәуір кедергісін келтіреді. Жол жөнделгеннен кейін Қызылордадан Астанаға бару оңайлай түседі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз