ЖИҺАЗ САЛОНЫНА АРНАЛҒАН «БҰЛТТЫ» CALL-ОРТАЛЫҒЫ

119

0

Технология және бот көмегімен өзіне-өзі қызмет ету дамып жатқанына қарамастан, кейбір клиенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алу үшін Call-орталығына хабарласуды жеңіл әрі ыңғайлы санайды. Call-орталығын ұйымдастыру үшін кейбір компаниялар АТС орнатуға, қосымша байланыс каналдарын қосуға, ескірген жабдықтарды жаңартуға орасан көп ақша жұмсайды. «МЕББЕРИ» компаниясы бұл мәселені қазіргі заманғы тәсілмен шешіп отыр.
«МЕББЕРИ» компаниясы туралы директор Людмила Стороженко былай дейді:
«МЕББЕРИ» жиһаз дүкендері желісін Қазақстанның бірнеше қаласында ашқан біздің компания 11 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді және өзінің клиенттеріне жетекші шетелдік жиһаз жасаушылардың өнімін ұсынады. Адамдарға біздің салондарда сауда жасау ыңғайлы болғаны біз үшін маңызды, сондықтан жарнама материалдарында әр уақытта бірдей телефон нөмірлерін көрсетеміз, ол арқылы Қазақстанның кез келген қаласынан хабарласып, өздерін қызықтырған ақпаратқа жауап алуға болады.
Бизнес ережесі бойынша – сауда клиенттер сізге еш кедергісіз қоңырау соға алған кезде ғана жүреді. Егер клиент дүкеніңізге хабарласқан уақытта ешкім жауап бермесе, оның сізге екінші қайтара қоңырау соғуы екіталай. Сондықтан клиенттермен байланысу үшін біз «Кселлдің» «Мобильді кеңсе» қызметін пайдалануды шештік.
Осы қызметті пайдалана бастағанымызға дейін жарнама материалдарында әр қалаға арналған байланысу телефонының нөмірін жазатынбыз. Кейде бұл қателікке де апаратын – бір қаладан қоңырау соққан клиент нөмірді қате теріп басқа қаладағы сауда орталығына түсіп кететін. Сондықтан клиенттеріміздің біздің жиһазымызға ғана емес, қызметімізге де әр уақытта риза болуы үшін Қазақстанның барлық қаласы үшін бірдей нөмірді пайдалануды шештік.
«Мобильді кеңсе» қызметі әмбебап, қандай да бір қалаға байланбаған көп арналы нөмірді ұсынады. Және де кіріс нөмірін компания қызметкерлерінің мобильдік нөміріне қайта адрестеуге мүмкіндік береді. Егер менеджер осы сәтте қоңырауға жауап бере алмаса, шақыру қолы бос қызметкерге бағытталады. Клиенттеріміз бізге аптаның кез келген күні, оның ішінде, мереке және демалыс күндері де хабарласа алады. Бұл – клиентке бағытталған компания ретінде біз үшін сөзсіз артықшылық. Клиенттердің бізге хабарласуы өте ыңғайлы барлық Республика үшін бірдей +7(775)-007-00-07 нөмірін есте сақтау оңай және кез келген телефоннан жылдам теріледі. Осы үшін «Кселл» компаниясына үлкен алғыс!
«Мобильді кеңсе» – бұл енгізуіне аз шығын жұмсалатын қолжетімді және қарапайым шешім, ол кез келген, тіпті ең шағын компания үшін де ыңғайлы. Қосу мәселелері бойынша pc@kcell.kz электронды мекен-жайына хат жазыңыздар немесе мобильдік 5869 нөміріне және қалалық (727) 258 47 74 телефон нөмірі арқылы Call-орталығына қоңырау соғуға болады.
(ҚР Көлік және коммуникация министрлігінен 1998 жылдың 8 маусымында №ДС 0000270, мерзімсіз мемлекеттік лицензиясы берілген)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз