Жирен жаман әдеттен!

69

0

Жирен жаман әдеттен!Салауатты өмір салтын қалыптастыру, шылым шегу, нашақорлық, алкогольды заттарға тәуелділікпен күресті күшейту мақсатында  ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-де «Маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлықтың қауіптері мен зардаптары!» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараның негізгі мақсаты – облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарымен бірлесе отырып, құтқарушылар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау. Дөңгелек үстелдің қатысушылары: жасақтың жеке құрамы, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Болатбекова Индира және психологы Дүйсенова Ғазиза. Дөңгелек үстел барысында сұрақ-жауап, пікірталас түрінде тақырып кеңінен ашылып,  жеке құрамға тренингтер жүргізілді. Сонымен қатар  осы тақырыптар бойынша бейнебаян көрсетілді.  Медициналық-психологиялық бөлімінің бас құтқарушы-психологы Жанар Бегманова, семинар соңында шараны қорытындылай келе барлық қатысушылар мен қонақтарға алғысын білдірді.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз