Жүк тасымалдау 7,9 пайызға артты
Қызылорда. 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыстағы жүк
тасымалдау көлемі 106135,3 мың тонна жүкті құрады. Оған коммерциялық
тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер жүк көлемін
есепке алынып отыр.
Ол 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанындағы жүк тасымалдаудан
7,9 пайызға жоғары болып отыр. Кәсіпкерлердің жолаушылар тасымалының көлемін
есепке алғанда тасымалданған жолаушылар саны 251316,5 мың адамды құрады. Ол
2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2 пайызға жоғары.