Жүлдегер атанды

54

0

Жүлдегер атандыОсы жылдың 16 қаңтар – 12 ақпан аралығында облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен электронды үкімет порталы (egov.kz) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыруға және тұрғындардың осы қызмет түрін пайдалануға ынталандыру мақсатында «Барлығына бірдей, әркімге қолжетімді» акциясы өткен болатын. Акция шарты бойынша әрбір 150-ші, 500-ші, 1500-ші, 1800-ші, 3000-шы, 4500-ші қызмет алушыларға бағалы сыйлықтар беру қарастырылған.
Акция жеңімпаздары өткен аптада облыс әкімдігінің баспасөз орталығына жиылды. Онда облыстық электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы Индира Ақжігітова түрлі номинация бойынша тұтынушыларға сыйлықтар ұсынды.
Айта кетейік, аталған акцияға барлығы 5812 тұрғын электронды мемлекеттік қызмет алуға өтініш берген. Акция қорытындысы бойынша 43 ұялы телефон және ақпарат тасығыш, 8 смартфон, 3 планшет, 1 роутер-модем, 1 ноутбук және теледидар табысталды.
Акция жылына екі мәрте өткізіледі. Бұл жолғы жүлдегерлердің басым көпшілігі электронды үкімет порталы арқылы балабақша кезегіне, некені заңдастыруға, ауыл шаруашылығына қажетті қызмет түрін пайдаланған. Осы секілді көптеген қызмет түріне осы портал арқылы үйде отырып-ақ қол жеткізуге болады, – дейді ұйымдастырушылар.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз