«Жұлдыздарға қара» жобасы аясында қазалылық грант иеленді

38

0

«Жұлдыздарға қара» жобасы аясында қазалылық грант иеленді«Даму» қоры және «Құс жолы» корпоративтік қайрымдылық қорының
«Жұлдыздарға қара» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге
гранттар табыстады. Олардың қатарында қазалылық Кенжегүл Жалмағанбетова
да бар, – деп хабарлады kazalinsk.kz сайты.
    ІІІ топ мүгедегі Кенжегүл Жалмағанбетова жоба бойынша
бизнес-идеясын дамытуға мүмкіндік алды. Тігін цехында он жыл жұмыс
істеген Кенжегүл енді үйінен бұйымдар тігіп, оларды сату арқылы кәсібін
кеңейтсем деген ниетте. Грант қаражатына арнайы тігін машинасы мен үтік
сатып алды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз