Жөлек ауылында тойхана ашылды

88

0

Жөлек ауылында тойхана ашылдыШиелі ауданы Жөлек ауылының өз қаражаты есебінен ауыл ішінен тойхана салды. Қазіргі заманға сай жасалған тойхана бір мезгілде 200 қонақты күте алады. 
Асханасына арнайы тоқ пештерімен қоса, ыдыс-аяқ жабдықтарымен толықтай қамтамасыз етілген. Сонымен қатар мұнда үлкен және кіші банкет залдары да орайластырылған. Осылайша шілде айының екінші он күндігінде тойхана халыққа есігін айқара ашты. Ауыл тұрғындары бүгінгі күнге дейін той –томалақты аудан орталығына келіп өткізетін болса, енді міне өз ауылдарында өткізуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз