Жұма күні жел күшейеді

84

0

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Тек батыста, солтүстік-батыста және оңтүстікте жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде тұман болып, жел көтеріледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы – 15-20 м/с болып, екпіні 25 м/с-қа жетуі ықтимал.
Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында және күндіз Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, түнде Павлодар, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп болжанады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз