Жұмыла жұмыс жасауға шақырды

48

0

Жұмыла жұмыс жасауға шақырдыКеше облыстық кәсіпкерлер палатасында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бахтиярұлы мен Бекмырза Қайыпұлы аймақ кәсіпкерлерімен кездесті.
Кездесуде халық қалаулылары Елбасының кезекті Жолдауының маңыздылығына тоқталып, жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда кәсіпкерлерді жұмыла жұмыс жасауға шақырды. Мұнан соң Мұрат Бахтиярұлы ҚР Конституциясына енгізілген кәсіпкерлікке байланысты өзгерістер жайын атап өтті. Сондай-ақ, заңдағы өзгерістерге байланысты жергілікті кәсіпкерлер өз ойларын жеткізді. Ал осыған дейін облыстың бірқатар ауданында болған Бекмырза Қайыпұлы ондағы көпшіліктің несиеге қол жеткізе алмай отырғанын атап өтті.
Айта кетейік, Елбасы Жолдауындағы 5 басымдықтың үшеуі экономикаға байланысты. Сондай-ақ, саяси құжатта көрсетілгендей биылдан бастап шағын кәсіпкерлікпен айналысамын деушілер 16 млн теңгеге дейін несиеге қол жеткізе алады. Аймақ кәсіпкерлері осындай қабылданған оң шешімдерді ризашылықпен қолдайтындарын жеткізді. Жиын соңында жергілікті кәсіпкерлер жеке кәсібіне байланысты да бірқатар сауал жолдады. Ал «Атамекен» ҰКП облыстық филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов көтерілген мәселелерге байланысты тиісті жұмыс атқарылатынын жеткізді. Сондай-ақ, ол облыстық кәсіпкерлер палатасының 7 аудандық филиалы жұмыс жасайтынын және биылдан бастап Байқоңыр қаласы бойынша да тағы бір филиал ашылғанын атап өтті. Кездесу соңында аймақ кәсіпкерлері халық қалаулыларына алғысын жеткізді. 

Кенжетай БАЛҒАБАЙҰЛЫ.      
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз