Жұмысшы жастар арасында кіші футболдан облыстық жарыс өтті

61

0

Жұмысшы жастар арасында кіші футболдан облыстық жарыс өттіҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және жұмысшы жастар арасында
салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Қызылорда облыстық ішкі
саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жұмысшы жастар
арасында кіші футболдан облыстық жарыс ұйымдастырды.
    Аталмыш футбол жарысы №2 Облыстық олимпиадалық резервтің
мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің залында өтті. Жарысқа
Қызылорда қаласы мен аудандардан барлығы 8 команда қатысты.
    Командалар арасында аудандық ұйымдар мен мекемелерден құралған
командалар, «Абзал и К», «Қазақстан темір жолы» АҚ және басқа да
кәсіпорындардың командалары бар. Жарыс қорытындысына сәйкес жеңімпаз
командалар ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен, дипломдармен
марапатталды.
    Нәтижесінде, Жаңақорған ауданының «Байкен-U» командасы І орын,
«Абзал и К ТС» командасы ІІ орын, Ішкі істер департаментінің командасы
ІІІ орынды иеленді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз