Жұмыссыздық 43,7%-дан 5%-ға дейін төмендеген

105

0

Жұмыссыздық 43,7%-дан 5%-ға дейін төмендегенҚызылорда облысында соңғы 15 жылда жұмыссыздық деңгейі шамамен 40%-ға төмендеген, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Облыстық ішкі саясат басқармасының ақпаратынша, соңғы жиырма жылда Сыр өңірінде жұмыссыздар саны едәуір азайған. Егер 1995 жылы ол экономикалық белсенді халықтың 13,2%-ын құраса, 1996 жылы – 32,6%, 1997 жылы – 35,5%, 1998 жылы – 41,8, 1999 жылы – «антирекордтық» 43,7%. Осыдан кейін жұмыссыздық деңгейі 9 есе төмендеді.
«Қызылорда облысында жұмыссыздық деңгейі қазір 5%-ға тең. Облыс бойынша орташа айлық атаулы жалақы – 116866 теңге», – деп атап өтті облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Нұрқабылова.
Сондай-ақ биыл өңірде шағын және орта бизнес субъектілерінің аздап өскені де байқалады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз