Жұмыссыздық жолға қойылған

71

0

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес бүгін Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімі Қ.Сәрсенбаев және Ақсу ауылдық округінің әкімі Н.Мұқашевтың 2017 жылғы атқарылған жұмыстары және алдағы атқарылатын міндеттері бағытындағы жұмыстары бойынша есепті кездесуі өтті.
2017 жылы ауылдық округ бойынша 2 мың 985 гектар жерге егіс дақылдары орналастырылды. Оның ішінде негізгі дақыл – күріш егісінің көлемі 2148 мың гектар, ескі жоңышқа 645 гектар, жаңа жоңышқа 192 гектар болып отыр.
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауылдық округте экономикалық белсенді халық саны 811 адамды құрайды, қазіргі уақытта тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 7 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі бүгінгі күнге 0,63 % құрап отыр.
Елді мекенде 1 спорт зал, 1 спорт алаңы, 1 шағын футбол алаңдары халыққа қызмет көрсетуде. Ақсу ауылының таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қазіргі таңда толығымен шешілді.
2017 жылы «Сәрке батыр» ЖШС балансындағы ғимараттың бір бөлігі аудандық спорт мектебінің балансына беріліп, 2018 жылы сол спорт мектебін іске қосып, онда қазақша күрес, бокс, шахмат тағы басқа спорт түрлерінен топ ашу жоспарлануда. Ақсу ауылы С.Дәулетбеков тұйығы тұрғындарының өтініштеріне сәйкес көшеге тас төсеу және жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Ақсу-Жалағаш жол бойын жарықтандыру жұмыстары жоспарлануда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз