Жоғары колледж атауы берілді

103

0

Жоғары колледж атауы берілдіҚызылорда облысының әкімдігінің 2017 жылғы 7 наурыздағы №729 санды қаулысына сәйкес И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжіне жоғары колледж атауы берілді.
Колледж осы статусқа сәйкес келесі жаңа қызмет түрлерін жүргізеді:
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульді бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, оның ішінде 4 мамандық бойынша 2017-2018 оқу жылынан бастап қолданбалы бакалавр дайындалатын болады.
2. ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жобаларына білікті кадрлар дайындау, ол үшін 100-нақты қадам бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында республикадағы он үздік колледждің қатарына енгізілді. «Кәсіпқор» Холдингімен бірлесіп 2016-2017 оқу жылынан бастап «Электрмен қамтамасыз ету», «Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандықтары бойынша жаңа үлгідегі модульдық оқыту бағдарламасы енгізіліп, оқыту жүзеге асырыла бастады.
3. ҚР Білім және ғылым министірлігінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі №579 бұйрығымен «Пісіру ісі», «Ішкі санитарлық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану» мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік орталығы ашылып жұмыс жасауда.
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз