Жоғары технологиялық металлургия Қызылорда облысының дамуына негіз болады

50

0

Жоғары технологиялық металлургия Қызылорда облысының дамуына негіз боладыҚызылорда облысында жоғары технологиялық метталлургияның дамуы
әлемдік экономикалық тұрақсыздықтың әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында
өңір әкімі Қырымбек Көшербаев осылай деп мәлімдеген болатын.

«Қазіргі
таңда облыста бірқатар өнеркәсіп нысандары іске асырылуда. Олардың
ішіндегі ең ірісі – Қазақстанда бұрын-соңды болмаған шыны зауыты», –
деді спикер.

Жаңа кәсіпорын шыны мен айна шығаратын болады.
Инвестициялардың жалпы сомасы $15 млн. құрады, 310 маман жұмыспен
қамтылады. Қырымбек Көшербаев өндіріс үшін қажетті шикізаттың 90% өңірде
өндірілетініне тоқталып өтті.

Пайдалануға 2017 жылы беріледі деп күтілуде.

Сонымен
қатар Қызылорда облысында кальцийленген соданы өндіретін зауытты,
тау-кен байыту комбинатын және темір қорыту зауытын салу жоспарланған.
Бұл кәсіпорынның әрқайсысы өңір экономикасын әртараптандырып,
қазақстандық өнеркәсіптің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік
береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз