ЖОБАЛАРҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

38

0

ЖОБАЛАРҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫҚР Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртановтың модераторлық етуімен
«Байқоңыр” ІV Инвестициялық форум аясындағы «Жаңа ортада мемлекеттік-жекеменшік
әріптестікті дамыту перспективалары” атты секция жұмысы өтті.

Секцияға
қатысушыларға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы аймақтағы халықаралық
қаржылық ұйымдармен бірлескен жобалар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында
қолға алынған бастамалар туралы айтты. Қазіргі таңда мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті
дамыту жеке инвестициялар тартудың басым бағыттарының біріне айналып отыр. Облыс
әкімінің орынбасары аймақта жалпы құны шамамен 18 млрд теңгені құрайтын 5 жобаны
іске асыру бойынша жұмыстар басталғанын мәлімдеді. Бұл жобалар: Қызылорда қаласында
500 келушіге арналған емхана құрылысы, 200 орындық жатақханасы бар 600 орындық кәсіптік-техникалық
лицей құрылысы, Қызылорда қаласында Қорқыт ата әуежайының терминал құрылысы, Апаттық
жағдайдағы 11 мектептердің орнына жаңа мектептер құрылысы және Сырдария ауданы халқын
сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және ауыз су жүйесін кеңейту жобалары.

Мұнан кейін
секция барысында әлеуетті инвесторларға Қызылорда қаласындағы кәсіптік-техникалық
лицей мен емхана құрылысы жобалары бойынша «Мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларын
сүйемелдеу орталығы” ЖШС мамандары Нұрбол Күзембаев мен Анар Мүсірепова толыққанды
ақпарат берді. Секцияда «TVET UK KAZAKHSTAN” компаниясының бас менеджері Айжан Құлжабаева
компанияның мүмкіндіктері жайлы хабарлама жасады. Бұл компания дүниежүзінің көптеген
елдерінде техникалық колледждер құрылысын жүргізумен айналысады. Секция жұмысында
«TVET UK KAZAKHSTAN” басқа елдерде жүзеге асырған жобалары туралы мәліметтер берілді.

Секцияда
сондай-ақ «БДО Зив Хафт Консалтинг гроуп” компаниясының жобалық-қаржылық бөлімінің
директоры Марк Шабашевич аталған жобаларды жүзеге асыруға қатысты өз ойларын ортаға
салды. Сондай-ақ, «Медикер” ЖШС бас директорының орынбасары Тимур Сұлтанғазиев та
өз компаниясының мүмкіндіктері жайлы айтып берді. Секция барысында форумның өзге
де қонақтары білім беру және денсаулық сақтау
саласының аталған екі жобасына қатысты қызығушылық
білдіріп, көптеген сұрақтар қойды. Ол сұрақтарға мамандар тарапынан толыққанды жауаптар
қайтарылды.

Ы.ТӘЖІҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз