Жолдау – даму өзегі

44

0

Жолдау - даму өзегі Елбасы Жолдауындағы басым бағыттарды түсіндіру мақсатындағы Сырдария ауданына келген сенаторлардың жұмыс сапары Іңкәрдария және Ақжарма ауылындарында жалғасты. Дамудың даңғыл жолына түскен елді мекендерде өткен жиындарды аудан әкімі Ғ.Қазантаев ашып, жүргізіп отырды. Халықпен кездесуге облыстық мәслихат депутаттары Р.Есенов, Ж.Нұрымбетов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова қатысты.
Жиын барысында сөз алған ҚР Парламент сенатының депутаты Б.Еламанов республикадағы салалар дамуында ілгерілеу бар екенін айтып, осы қарқынды бәсеңдетпеу үшін өндіріске заман талабына сай технологияларды енгізу жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Сонымен бірге, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: бәсекеге қабілеттілік» атты стратегиялық сипатқа ие Жолдауда макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап қалу басты бағыттардың бірі екенін атап өтті. Ал сенатор М.Бақтиярұлы заңдағы өзгерістер мен толықтырулар, билік өкілеттіліктерін бөлу демократияландырудың алғы шарты деді. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлікке бағытталып жатқан мемлекеттік көмектің қолжетімділігін арттыру туралы да жан-жақты мәліметтер берді. Ерекше экономикалық кезеңге қарамастан құрылыс нысандары салынып, көпірлер пайдалануға беріліп, жолдар жөнделіп жатқан ауданның алдағы уақытта Елбасы Жолдауында айқындалған межелі міндеттер үдесінен шығатынына сенім білдірді.
Іңкәрдария ауылында өткен жиында ауыл тұрғыны П.Досанов, ауыл имамы К.Тәуекелов, ардагер-ұстаз Ф.Байзілдаева, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Сырлыбаевтар биылғы Жолдаудың елді дамуға бастайтынын айтса, Ақжарма ауылында тұрғындар атынан ардагер Қ.Ысқақов сөз сөйлеп, сенаторлардың жұмысына сәттілік тіледі. Аудан әкімі Ғ.Қазантаев Жолдауда Қазақстанның өсіп-өркендеуінің жаңа бағыттары топтастырылғанын айта келе, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз