Жолаушылар құтқарылды

57

0

«Қызылорда – Павлодар» бағытындағы республикалық маңызы бар жолда жолаушылар көлігінде болған 10 адам құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТДЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Mercedes-Benz Sprinter маркалы автобус Екібастұз қаласының жанында істен шыққан.
– Бүгін таңғы сағат бестің кезінде оларға жедел құтқару жасағынан екі адам және бір техника көмек көрсетті. Жолаушылар Екібастұз қаласының сапаржайына жеткізілді, – деді департаментте.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күн жауын-шашынсыз, сынап бағаны климаттық нормадан 2-4 градусқа төмен болады.
Төтеншеліктер жолға шыққан тұрғындарға аяз кезінде сақ болуға кеңес береді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз