Жолдарда ақылы жүйе енгізілетін уақыт аталды

66

0

Жолдарда ақылы жүйе енгізілетін уақыт аталдыАғымдағы жылы республика бойынша үш бағыттағы тасжолда ақылы жүйені орнату жұмыстары атқарылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл тек теxникалық жұмыстар ғана жүргізіледі. Бұл дегеніміз, «Астана – Теміртау», «Алматы – Қорғас» пен «Алматы  – Қапшағай» тас жолдарында ақылы жүйені орнату шаралары атқарылады. Ағымдағы жылда ешқандай ақы алынбайды. Ал келесі жылы, яғни 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған үш бағыт ақылы болады», – деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі транзиттік және көліктік логистиканы дамыту департаментінің директор орынбасары Серік Башимов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Оның айтуынша, жаңа жолдардағы ақының мөлшері «Астана – Бурабай» тасжолымен бірдей болады. Атап айтқанда, жеңіл көліктер әр шақырым үшін 1 теңге төлесе, жүк көліктері үшін 25 теңге болады. «Қазіргі кезде «Астана – Бурабай» тас жолынан жыл сайын 1,5 млрд. теңге түсіп отырады. Ол ақшаға жолды күтіп ұстау, сан алуан жөндеу шаралары атқарылады. Жаңа ақылы үш жолдың ақшасы да соған жұмсалады», – деп атап көрсетті Башимов.     
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз