Жолдау аясындағы шаралар ауқымы кең

48

0

Жолдау аясындағы шаралар ауқымы кеңБүгін облыс әкімдігінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі идеологиялық актив жиыны өтті.
Оған облыстағы зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, ардагерлер, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов ашып, қазақ елі ширек ғасырдағы жетістіктерге Ұлт көшбасшысының сарабдал саясаты мен еренеңбегінің нәтижесінде қол жеткізгендігін тілге тиек етті. Маңызды шараға қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттермен оларды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы баяндама жасады.
Аймақ басшысы кіріспе сөзінде Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауы еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекелік қабілетін арттыра түсетіндігін айтты. Әлем дамуындағы елеулі өзгерістерге сай мемлекетіміздің жаңа жаһандық болмыс талаптарын қабылдауға тиістігін айтты. Сондай-ақ, Жолдауда ұсынылған бес басым бағыт аясында Сыр елінде атқарылар ауқымды шараларға тоқталды.
Нағымжан САУЯЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз