ЖОЛДАУ ЖАСТАР КӨЗІМЕН

75

0

Елбасының жыл сайынғы дәстүрлi Жолдауын Қазақстан халқы асыға күтедi. Бұл көрiнiс мұндағы айтылған жұмыстардың мүлтiксiз орындалып келе жатқандығының нәтижесi деп бiлемiн. Атап айтқанда, Жолдаудағы білім алудың қолжетімділігін кәсіпкерлердің инновациялық идеяларына қолдау екенін атап өтті.
Биылғы Жолдаудың басқа жолдаудан ерекшелігі сол, нағыз елдің ертеңі мен қара халықтың қамы үшін маңызы өте зор мәселелер қозғалды. Соның ішінде биылғы Жолдауда әр түрлі бағыттар бойынша кәсіпкерлік, ауылшарушылық және өндіріс процестерін цифрландыруға қатысты 10 басым бағыттарын жайлы айтылды.
Ақпарат пен жаңа технологиялардың дамыған заманында, өзгелерге үлгі болатын өркениет әлемінде жастар өздерінің заманауи идеяларымен көш бастаушылар болып саналуы керек.
Құрметті жастар, Жолдау келесі жылғы Жолдауға дейінгі бір жылдық жоспарымызды айқындап берді. Елбасы алдымызға жүзеге асыруымыз керек 10 міндетті асыру үшін, кәсіби деңгейі жоғары азаматтар ел болашағы екенін айта келе, нақты міндеттер қойды.
Ендігі үміт біздерде!!!
Мұхтар ИБРАЕВ
Аудандық мәслихат депутаты,
Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз