Жолдаудан туындаған міндеттер талқыланды

82

0

Жолдаудан туындаған міндеттер талқыландыБүгін Елбасының
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының басым бағыттары мен негізгі
міндеттері облыс активінде талқыланды. Жиынға облыс әкімі Қ.Көшербаев төрағалық
етіп, қала, аудан әкімдері, құқық қорғау органдары, жергілікті және аумақтық
атқарушы орган басшылары, «Нұр Отан» партиясының аудандық, қалалық филиалдары
төрағаларының орынбасарлары, облыстық, қалалық 
мәслихат депутаттары мен азаматтық қоғам институттарының, үкіметтік емес
ұйымдардың өкілдері, жастар қатысты.

Жолдаудың 5 жылға есептелген және еліміздің
үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының
екінші 5 жылдығымен тұспа-тұс келгендігін айтқан аймақ басшысы өңірде атқарылып
жатқан жұмыстарға тоқталды.   
Жалпы, бұл құжатта
мемлекет басшысы 7 бағытқа назар аударды. Соның бірі – кәсіпкерлік саласы.
Расымен Елбасы айтқандай, барлық саланы әртараптандыруымыз қажет. Бастысы,
кәсіпкерлік экономикалық үлестің тым құрығанда 50 пайызын құрауы тиіс. Бұл
мақсат міндеттерді орындауда Сыр өңірі білек сыбана іске кірісіп кетті.
 – Біз мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішлұлы
Назарбаевтың «Нұрлы жол» атты Жолдауынан Астананың, Елбасының жүрегінен көк
аспанымыз бен байрағымыздағы күннің әрбір сәулесінен кең байтақ қазақ жеріне
жеткен жарқын жасампаз сәулені сезінгендей болдық. Тәуелсіздігімізді нығайтып,
жаһандық дағдарыстар мен жаңа ғасырдың шақыруларына лайықты жауап беретінімізге
кәміл сендік. Жаңа кезеңнің жаңа міндеттерін айқындық, – деді облыс әкімі
Қ.Көшербаев.
Өңірде инвестицияның
басым бөлігін құраған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автобан мен
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ желісінің құрылысы аяқталуға жақын. Оның орнын
басатын 300 миллиард теңге көлеміндегі инвестициялық жобалар әзір тұр. Жалпы,
өңірге инвесторларды көбірек тарту мақсатында индустриалды аймақ жасалуда.
Қажетті инврақұрылым тартылған аймақ облыс орталығында аяқталып, 4 ауданда жұмыстар
басталды. Ал қалған ауданда келер жылдың алғашқы жарты жылдығында аяқталады.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев халықаралық авто дәліздің бойында салынатын сервистік
орталыққа инвесторлар тарту жұмыстарымен айналысу қажеттігін сала басшыларына
тапсырды. Сондай-ақ, туристік саланы дамыту мәселесіне де басты назар аудару
керектігін ескертті.
Жолдауда айтылған
«Мәңгілік Ел» идеясы, Ұлы Жеңістің 70 
жылдығы туралы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек
Шаухаманов өз ойымен бөлісті. Ал  Елбасы
Жолдауындағы айтылған оқу орындарының материалдық-техникалық базасының
жаңартылатындығы,  сондай-ақ келер жылы
тойланатын Қазақ хандығының 550 жөнінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің ректоры Қ.Бисенов баяндады.  
Мұнан бөлек, басқосуда
Елбасы Жолдауы бойынша кәсіпкерлер, жастар ұйымдары бірқатар баяндамалар жасады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз