Жолсерік тауып алған 2 млн теңгесін иесіне қайтарып берді

256

0

Жолсерік тауып алған 2 млн теңгесін иесіне қайтарып берді Астана – Ақтөбе пойызының жолсерігі купеден тауып алған 2 млн теңгені иесіне қайтарып берді деп хабарлайды  «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
«№ 16 вагонның жолсерігі Ержан Арденов купеде матрас астынан сөмке тауып алған. Оның ішінде 2 000 000 теңге мен банк картасы болыпты. Оны бірден пойыз бастығына тапсырған, акт толтырылып, сөмке иесіне қайтарылды», – деп мәлімдеді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
Компаниядан хабарлағандай, жолаушылар пойызда ақша, құжаттарын ғана емес, басқа да бағалы заттарын – ұялы телефон, ноутбук, сағаттарын ұмытып кетеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз