Жосалыда көркейтуге көңіл бөлінді

46

0

Жосалыда көркейтуге көңіл бөліндіҚармақшы ауданының орталығы – Жосалы кентінде көркейту-көгалдандыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылып келеді.
Аудан әкімшілігі көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың екі айлығын нәтижелі аяқтағаннан кейін де бұл жұмысты одан әрі жалғастыруда. Көктемде отырғызылған гүлдер жайқала өсіп, көргендердің көзін қуантты. Көше қиылыстарына орнатылған қазақтың әшекей бұйымдары өз өрнегімен көңіл тойдырады. Сондай-ақ, гүлмен көмкерілген түрлі бейнедегі дүниелер жергілікті жұртшылықтың ризашылығын тудырып отыр. Олардың арасында шәйнек, жүзік және өзге де заттар көрініс тапқан.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз