
Оның ішінде кент орталығындағы 11 көшеге облыстық бюджеттен бөлінген 336,4 мың теңге қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 11 көшеге «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен орташа жөндеуге 140 млн 491 мың теңге жұмсалды.
Жосалы кентінің көшелерін қалыпты жағдайда ұстап тұру мақсатында табиғи топырақты 15 көшені келешекте асфальттау үшін қиыршық тас төселіп, дайындық жұмыстары жүргізілді. №250 мектеп-лицейінің сауықтыру спорт кешені алдына асфальт төселінді. Кент орталығындағы жүргінші көп жүретін Қорқыт ата, Балқы Базар көшелеріне жалпы ұзындығы 3 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолы төселді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!