Жоспар артығымен орындалды

58

0

Жоспар артығымен орындалдыҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы 11 айда кеңес беруге жүгінген 4199 кәсіпкерге 7448 кеңес берді, деп хабарлайды Bnews.kz.

Соның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының «Бизнесті сервистік қолдау» бағыты аясында жылдық жоспар 2,6 есеге артығымен орындалып, 785 кәсіпкерге қызмет көрсетілді. Аталмыш қызметтердің жартысынан астамы (490) ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлеріне көрсетілген, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қызметтердің ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу, заң қызметтері, сондай-ақ бизнес-жоспарлар жасау қызметі аса жоғары сұранысқа ие. Есептік мерзімде жалпы құны 1,7 млрд.теңгенің 75 бизнес-жоспары әзірленді.

«Қазір Палата облыста жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға, соның ішінде үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен және картадан тыс жобалардың жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізуде. Жобалар реестрі жүргізілуде», – дейді Балдырған Мәмен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз