«Жәрдем» пойызы Арал ауданына медициналық қызмет көрсетті

101

0

«Жәрдем» пойызы Арал ауданына медициналық қызмет көрсетті«Нұр
Отан» Халықтық – демократиялық партиясының бастамасымен ҚР ТЖМ «Апаттар
медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ және Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, емдеу-диагностикалық
пойыздарын құру жобасын іске асырды. Жобаны жүзеге асыру 2010 жылы «Денсаулық»
емдеу-диагностикалық пойызын іске қосудан бастау алды. 2011 жылдың басында
«Жәрдем» екінші медициналық пойызы өз жұмысын бастады. Жобаның негізгі мақсаты – еліміздің шалғай аймақтарының
тұрғындарына медициналық жәрдемді қол жетерліктей ету және ірі көлемдегі
төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге мамандандырылған медициналық жәрдем
көрсету болып табылады.

Осы «Жәрдем» пойызы
2015 жылдың 28 наурызында Арал ауданы, Сексеуіл кентіне келген болатын.
Медициналық «Жәрдем» пойызының басшысы – Бокубаев Аяпберген Жеткергенұлы. Жалпы
пойыздың қызмет көрсету құрамында 15-жолсерік, 2-дизелист, 1-электро-механик,
пойыз мейрамханасында 6-аспазшы, 2 – ішкі және 2 – сыртқы күзетшілер қызмет
атқарды.
Арал ауданы бойынша
медициналық «Жәрдем» пойызының бас дәрігері – Артықбаев Сейілхан. Пойыздың
медициналық қызмет көрсету құрамында барлығы 27 қызметкер жұмыс жасады, оның
ішінде 11-дәрігер, 15–мейірбеке және 1-компьютер бағдарламашысы /программист/
бар. Сонымен бірге, медициналық пойызда 
невропотолог, терапевт, хирург, кардиолог, гинеколог, флюрография,
эндоскопия, ЛОР, педиатр, окулист, стоматолог, УЗИ дәрігерлері және биохимиялық,
клиникалық лаборатория қызмет атқарды.
Ағымдағы жылдың 28-31 наурызында Арал
ауданы  Сексеуіл кентінің 933 тұрғынына
медициналық қызмет көрсетілді. Тұрғындар негізінен қан қысымы, жүрек ауруы және
көз ауруы туралы көбірек шағымданған. 
 Аталмыш пойыз 31 наурызда сағат
23.20 минут шамасында Арал ауданындағы «Арал теңізі» вокзалына тоқтап, 1
сәуірден бастап аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсетті. 5 сәуірден
бастап 6 сәуір аралығында Арал ауданы, Көнту елді-мекенінің тұрғындарына қызмет
көрсетті. Осы ретте елді мекеннің 130 тұрғынына пойыздың медициналық қызмет
түрлері тегін көрсетілді.
«Жəрдем»
кеңес беру-диагностикалық пойызының бас дәрігері Сейілхан Артықбаевтың
айтуынша, ондағы дəрігерлер осы уақыт аралығында жалпы Арал ауданы бойынша 1849
 адамға медициналық көмек көрсеткен.
 
 Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы ТЖД
 Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз