«Жүрегім толы мейірім»

307

0

«Жүрегім толы мейірім»Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап «Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ-ның облыстық департаменттері «Жүрегім толы мейірім» атты қамқорлық-қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. 
Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өмірін¬дегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.
Қайырымдылық жәрмеңке шарасына аудандық, қалалық ХҚКО бөлімдерінің қызметкерлері дайындаған қолөнер, зергерлік бұйымдар, ұлттық тағамдар, сүт өнімдері, көкөністер, бақша өнім¬дері, тосаптар мен шырындар және балық өнімдері болады. Қамқорлық – қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражат туабітті мүгедектік науқасқа шалдыққан Пя Мирон мен Мұратбек Адияттың ем алуы үшін ата-аналарына табысталды. 
Қайырымдылықты ту еткен Халыққа қызмет көрсету орталығының «Халық» бастауыш партия ұйымы ата-анасынан жастай айырылған 12 жасар Нұрбақыт Берікұлына да қамқорлық жасады. Осыған байланысты оның атынан есепшот ашылып, 18 жасқа толғанға дейін қаражат аударылып отыр. Нұрбақытқа осы уақытқа дейін  «Мектепке жол» акциясы бойынша киім-кешек, оқу құралдары мен қаражат және спорт күніне орай велосипед табысталған. Бүгінгі жәрмеңкеге Нұрбақыт та шақырылып, ұжым атынан сый-сияпат көрсетіліп, бассейнге абонемент пен 50 мың теңге ақшалай қаржыға ие болды. 
Нұрбақыт Берікұлы бүгінде нағашы әжесінің қамқорлығында. Өз кезегінде ол ХҚКО мамандарына және «Нұр Отан» партиясына алғысын білдірді.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын арқау еткен қайырымдылық жәрмеңкесінде ХҚКО мамандары өнерлерін көрсетіп, келушілердің ыс¬тық ықыласына бөленді. 
Жәрмеңкеде 500 мыңға жуық қаражат түсті. Аталған қаржы науқас балалар Пя Мирон мен Мұратбек Адияттың есепшотына аударылды. «Азаматтарға арналған үкімет” АҚ қызметкерлерінің сауапты істеріне қатысушылар разылықтарын білдірсе, қос бүлдіршіннің ата-анасы алғыстарын айтты.
Қазіргі таңда  «Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша  филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті 530 түрлі мемлекеттік қызмет түрін ұсынып, халыққа қызмет көрсетуде. Жыл басынан миллионнан астам құжат қабылдап, елдің ықыласына бөленген қызметкерлер, қайырымдылық шарасы болашақта да жалғасатынын жеткізді.  
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз