ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАҒАН КҮН

54

0

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткен “Жүрек жылуы” мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық фестивалі биыл да көптің көңілінен шықты. Өнерлі жеткіншектерді қолдап, шығармашылығын шыңдауды, рухани жігер сыйлауды мақсат тұтқан байқауға 200-ге жуық бала қатысты.
Балғындардың өнер әлемінде жарқырауына мүмкін¬дік беретін жоба көркемсөз оқу, қолөнер, би, халықтық орындау жанрларын қамтыды. Сондай-ақ, көрермен назарына көру қабілеті бұзылған арнайы мектеп-интернаты, облыстық балаларды оңалту орталығы, бала¬ларға арналған психоневрологиялық ¬интернат үйінің және есту қабілеті нашар балалардың арнайы мектеп-интернаты тәрбиеленушілерінің қолынан шық¬қан бұйымдар ұсынылды. Белгілі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Тайманов бастаған қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау қиынға соқты. Себебі, байқауға қатысқан әрбір баланың талабы таудай. Шетінен өнерлі, қабілеті қарымды. Мыңның ішінен біреуді таңдау қажет. Сайыс қорытындысында жүйріктер, топ жарған жүлдегерлер сахна төріне шақырылды. Оларға арнайы ¬дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталып, жетекшілер ұйым¬дастыру алқасының Алғыс хатымен марапатталды. Осылайша, өресі биік өнер байқауы жабырқау көңіл жеткіншектерге үміт шуағын сыйлады.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз