Жүрекке ашық ота жасау көлемі 20 пайызға ұлғайды

47

0

Жүрекке ашық ота жасау көлемі 20 пайызға  ұлғайдыБиыл жоғары мамандандырылған медициналық көмек ауқымының кеңеюіне орай республикалық бюджеттен шамамен 1,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде жүрекке ашық ота жасау 20%-ға, нейрохирургиялық операциялар саны 27%-ға,  эндопротездеу саны 2 есеге дейін өсті. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады. 
– Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап облыста  офтальмохирургиялық орталық ашылды. Жергілікті бюджеттен 90 млн. теңгеге жоғары диагностикалық құрал-жабдықтар сатып алынып, өткен жылмен салыстырғанда жасалған ота санының 2 есеге дейін өсуіне септігін тигізді. Облыста офтальмологиялық орталықта алғаш рет глаукомалық кабинет ашылып, 2000-нан астам науқас глаукомамен есепке алынды. Сынақ режимінде Байқоңыр қаласында облыстық медициналық орталықтың филиалы ашылды,- деді Ақмарал Әлназарова. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз