Жүректі жұмсартар жәдігер

58

0

Жүректі жұмсартар жәдігерӨткен жұмада Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдың батасымен Қызылордаға Қасиетті Богородица «Қатыгез жүректерді жұмсарту» ғажайып жасаушы иконасы әкелінді.
– Қасиетті Богородица «Қатыгез жүректерді жұмсарту» иконасы жиырма жылға жуық уақыт ішінде тоқтаусыз мейірім шуағын шашуда, оның бетінде емдік қасиеті бар, хош иісті май молынан бөлініп тұрады. Иконаның әулиелік ғажап қасиеттері отбасының, жұбайлардың, ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастардың жақсаруына өз ықпалын тигізеді, – деді   Талдыкорған епископі Нектарий.
Бұл икона Астана және еліміздің көптеген өңірлерін аралап қайтты. Байқоңыр қаласынан келген иконаны қызылордалықтар әуежайдан күтіп алып, Қызылорда қаласы Қазан Құдай Ана Иконасы храмына әкелді. 19-шы ғасырға жататын көне иконаны көру үшін православ сеніміндегілер барлығы «Қатыгез жүректерді жұмсарту» құдай ананың иконасына бас иіп, күнәдан арылу үшін көне жәдігерге қалай да жақындауға тырысты. Құдай ананың бейнесі Қызылордаға Ресейден жеткізілген. Иконаны сақтаушы Сергей Фомин икона туралы ойын жеткізді.
– Бұл икона Софрино деген православ кәсіпорнында шығарылған. Мұндай бейнелердің 100 мыңға жуығы өндірілді. Өзгелерінен ерекшелігі дәл осы икона Матрона құдай ананың сүйегімен дәріптелген. Содан бастап бетінен жұпар иісті май аға бастаған. Ғалымдар зерттеп көрген. Ол майдың құрамында ақуыз бар екендігі анықталды. Жалпы ақуыз адамның бойында да бар.
Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл бұл иконаны Қазақстанға Түркістан епархиясының құрылғанына 145 жыл толу мерейтойына орай жіберілген. Сол себепті құнды жәдігер республиканың ірі қалаларын араламақ. Айта кету керек, Икона Еуропада, ТМД елдерінде, АҚШ-та, Австралияда да болған. Қызылордадан кейін икона Оңтүстік Қазақстан, Тараз, Алматы облыстарында болып, әрі қарай Мәскеуге жеткізілмек.

Шынар БЕКБАН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз