Жүректен – жүрекке

71

0

Жүректен – жүреккеЖуырда, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  «Азаматтарға арналған үкімет” КЕ АҚ «Халыққа қызмет көрсету орталығы” департаменті облыстық қан орталығымен бірлесіп «Жүректен жүрекке” атты қайырымдылық акциясын өткізді.
Қан тапшылығына мұқтаж науқас адамдарға көмек көрсетуді мақсат еткен шарада ХҚКО-ның 40-тан астам қызметкері қан тапсырды. 
«Орталық қызметкерлерінің өз еркімен қан тапсыра отырып, ауруына ем іздеп жатқан науқастарға көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіремін. Бұл ретте қазіргі таңда екі науқасқа сирек кездесетін қан тобы қажет болатын. Қат болған қан топтары ХҚКО қызметкерлерінің арасынан табылғандығына қуанып отырмыз», – дейді облыстық қан орталығының терапевт-дәрігері Олжас Жұбатқанов. 
Осылайша ұжымның көрсеткен көмегі жүректен жүрекке жетті. «Дені саудың – жаны сау» демекші, ауруына шипа іздеген жандардың тез  сауығып кетуіне шын жүректен тілектестік білдіреміз. Мұндай акция алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. 
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз