Журналистерге алғаш рет «Парламент сөзі» сыйлығы тапсырылады

54

0

Журналистерге алғаш рет «Парламент сөзі» сыйлығы тапсырыладыБүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің заң шығару қызметі жайында қалам тербейтін журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атаулы сыйлыққа 2016 жылдың 1 қыркүйегі мен 2017 жылдың 14 маусымы аралығында палатаның заң шығарушылық қызметі жайында жарық көрген материалдар қабылданады. Жеңімпаздар алты номинация бойынша анықталады: үздік телевизиялық, басылымдық, интернет және радиоматериалдар, сонымен бірге фото және бейне-материалдар. Сондай-ақ, Қазақстандағы парламенттік журналистиканың дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан БАҚ өкілдері де марапатталады. Сыйлыққа үміткер кандидаттарды бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Сондай-ақ, бәйгеге өзін-өзі ұсыну арқылы жеке журналистер де қатыса алады. Өтінімдер 2017 жылдың 15 маусымына дейін қабылданады. Қосымша ақпаратты: Мәжілістің ресми сайтынан немесе (8) (7172) 24-38-22 телефоны арқылы алуға болады. Сыйлық иелері Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында жарияланады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин өткен сессияның аяғында журналистерге арналған сыйлық белгілеу бойынша Мәжіліс Бюросының шешімін жариялаған болатын. Айта кетейік, «Парламент сөзі» сыйлығы биыл алғаш рет тапсырылғалы отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз