Журналистика мамандығы бойынша ІХ республикалық пән олимпиадасы басталды

107

0

Журналистика мамандығы бойынша ІХ республикалық пән олимпиадасы басталды Бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша ІХ республикалық пән олимпиадасы басталды. 20-21 сәуір күндері аралығында өтетін білім бәсекесіне елімізде журналист мамандар даярлайтын 13 жоғары оқу орнынан 39 студент қатысып, өзара бақ сынамақ. 
Олимпиадаға қатысушылар білім додасының алғашқы күнінде университеттің «Археология және этнография», «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» көрме залдарымен, сондай-ақ «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана жұмыстарымен танысты. 
Олимпиаданы университеттің оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректоры Б.А.Жұнайдұлы ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар олимпиаданың ашылу рәсімінде әділқазылар алқасы мен білім додасының ережесі таныстырылды. 
Байқауға қатысушылар олимпиаданың алғашқы турында команданы таныстырса, екінші турында эссе жазады. 
Сонымен қатар республикалық олимпиада аясында жас ақындардың шығармашылық кеші өтеді. 
21 сәуір күні олимпиаданың үшінші туры болады. Онда қатысушылар тест тапсырып, «Жедел ақпарат» жазудан сайысқа түседі. 
Олимпиаданың жабылу рәсімі 21 сәуір күні сағат 16.00-де Мұстафа Шоқайтану орталығында өтеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз