Жәутіков олимпиадасының қола жүлдегері

42

0

Жәутіков олимпиадасының қола жүлдегеріҚызылордадағы дарынды балаларға арналған №9 қазақ-түрік лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Қуаныш Анарбай Алматыда өткен ХIII халықаралық Жәутіков олимпиадасынан қола медальмен оралды. 
Дәстүрлі жарысқа әлемнің әр қиырынан 15 мемлекеттен 400-ден астам оқушы қатысып, математика, физика және информатика пәндері бойынша білім-білігін көрсетті. Қазылар алқасының құрамында алдыңғы қатарлы мамандар болды. 
– Халықаралық деңгейде болған соң сұрақтар күрделі болатыны анық. Жүлде оңайлықпен келген жоқ. Қорқыныш пен уайымды жеңіп, осал еместігімді дәлелдеуге тырыстым. Жәутіков олимпиадасы көптеген дос тауып, олармен білім жарыстыруға көмектеседі. Мотивация береді, – дейді Қуаныш. 
Дарынды оқушының бұған дейін де бағындырған биігі аз емес. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде алтын, республикалық кезеңінде қола медаль алған. Халықаралық Азия-Тынық мұхиты, «Жібек жолы» олимпиадаларының алтын медаль иегері. Одан бөлек, қоржынында ХХІІІ «Туймаада» халықаралық олимпиадасының күміс жүлдесі бар. 
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз